Мамырдың 1-і мен 5-і аралығында Бурабай ұлттық табиғи саябағында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 384 спортшы қатысқан спорттық бағдарлаудан халықаралық турнир өтті.

Спортшылар жаңбырдан да, желден де, қардан да қорықпады. Бес күн бойы олар стартқа шығып, ауа райының және өздерін де жеңді.